Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ӘН ЖӘНЕ ХОР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

ӘН ЖӘНЕ ХОР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Көпшілікке арналған ән жанры Б.Байқадамов шығармашылығында маңызды орын алды. Композитор ән жанры арқылы көпшілікке танымал болады. Оның ең алғашқы «Әйгөлек» әні 1938 жылы шыққан. Бұл ән өзінің ерекшелігімен тыңдаушысын баурап алады. Б.Байқадамовтың әндері жеңіл, қарапайым, есте тез саұталады және біздің бүгінгі өмірімізді, бүгінгі адамның тұлғасын бейнелейді. Б.Байқадамовтың шығармасындағы ән жолдары қоғам өміріндегі және өз басындағы өзгерістерді бейнелейді.Композитор балаларға және халықтың бүгінгі өмірін бейнелейтін әндер жазды. Бұларға «Пионерлер әні», «Шаттық әні» т.б жатады. Ал 50-60-шы жылдары творчествосының гүлденген шағында ән тынысы кеңейе түседі. Ол жастар туралы, еңбек туралы шырқайды, лирикалық сезімділікті қорытындылайды. Б.Байқадамовты, жас өспірімдер композиторлар қатарына қоюға болады. Мектеп қабырғасында еңбек ете жүріп, балалармен тығыз байланыста, мектеп туралы, балалық шақ туралы талай ән шығарған. Оның ішінде көпшілікке танымал Н.Баймұхамедованың өлеңіне жазылған «Әйгөлек» әні. Мұнда мектеп жасындағы балалардың және бүлдіршіндердің шат көңіл күйі бейнеленген. Әннің биге тән ырғақтылығы би қимылдарымен үйлестіруге мүмкіндік туғызады. «Әйгөлек» әні бірнеше ұрпақтың сүйіспеншілігіне бөленіп, әр кездегі орындаушылар өздерінше өзгерістер енгізген. Мысалы, би ырғағын жаңаша түсіндірген, осы заманның эстрада әншісі Роза Рымбаева деп білеміз.
«Әйгөлек» әніне әуезділігі жағынан жақын тұрған «Біз отанның бөбегі» әні. Бұл әннің «ля-ля-ля» буыны мен шырқалатын қайырмасы әннің көтеріңкі көңілді шат үнін және биге тән ырғағын айқындай түседі. Балалық шақ әндерінің ішінде 1939 жылы, халық таланттарының Республикалық байқауында екінші сыйлыққа ие болған «Пионерлер әні» де бар.
Соғыс жылдары әндерінде халықтың тылдағы көрсеткен еңбектері суреттеледі. Бұл әндер бейбіт өмірге, жауға қарсы күреске шақырады. Бұларға – «Егер ертең соғыс болса», «Күзетте», «Найзағай», «Папатай», «Біз батырлар ұрпағымыз», «Ант», «Мәншүк» және т.б жатады. Панфиловшы батырлар ерлігі «Панфилов батырлары», «Мәлік Ғабдуллин туралы», «Мәңгі шырақ» әндерінде көрсетілген.
Соғыс жылдарынан кейінгі әндері еңбекке, ерлікке, достыққа шақыратын көңілді, өмірге деген құштарлық сезімді бейнелейтін әндер. Әсіресе, жастарға арналған әндері көп. Біріншіден, жастармен қазіргі және болашақ өмір тығыз байланысты. Екіншіден, композитордың өзі үнемі жастармен бірге болып, оларды жақсы түсінетін. Сол жылдары далпыға түсінікті жанр ән болды.
Байқадамов әндерінің мазмұны бай, кең тынысты болып келеді.Халқына, Отанына деген мақтанышты суреттейтін патриоттық әндерге «Магнитка құрылысшыларының маршы», «Біз Лениннің ұрпағымыз», «Партия туының астында» жатады. Бұл әндерді марш және мажор үндігі біріктіріп тұрады. Б.Байқадамовтың шығармашылығының ішінде жастарға арналған әзіл-сықақ әндердің орны ерекше. Бұлардың ішінде кеңінен тараған Н.Шакеновтың өлеңіне жазылған «Су тасушы қыз» әні. Бұл ән «Тынымсыз көктем» атты кинофильмге жазылған. Ән әуенінде қарапайым адамдардың мейірімділігі бір-біріне деген кеңдігі жазық кең даланың тамаша үні естіледі. Бұл ән, орыс және қазақ сөздерінің құбылып, алмасуымен ерекшеленіп, әзіл-сықақ түрінде естіледі.
Б.Байқадамовтың шығармашылығында хорға арналған музыка маңызды орын алады. Ол, бейнелеудің нақтылығымен, тартымдылығымен, мәнерлеу мүмкіндігімен композиторды еліктіреді. Барлық хор жанрларының ішінде Б.Байқадамов аспаптық сүймелсіз орындалатын хорларға көбірек көңіл аударады.
Хор сюиталары дегеніміз, бір мазмұнды ашатын хорға арналған ән циклы. 1955 жылы алғашқы сюитасы, ал1970 жылы екінші сюитасы шықты. Екеуіде төрт бөлімнен тұрады. Бірінші сюитасы «Той базар», «Майраның әні», «16 қыз» әндері кірді. Екінші сюитасын «Жеңеше-ай», «Ахау, Семей», «Егигай» әндері құрастырды. Халық әндері хорға өңдеу арқылы әсерлі баяндалып, бай естіледі. Барлық дауыстар үні бірігіп, әннің әуезділігін күшейтеді.
Ғ.Қайырбековтың өлеңіне жазылған төрт хор поэмалары бір сюжетті өрнекпен біріккен композициялық цикл құрады. Бұлар: «Шопан ойы», «Қалыңдық арманы», «Айтыс» және «Еңбек ұраны». Хор сюиталарына қарағанда поэмалар өзінің музыкалық материалына жазылған, бірақ сарындылығы жағынан халық әндеріне жақын, үндес келеді. Барлық поэмалар туған өлке тақырыптарына арналған. Бұларды симфониялық циклге тән даму ерекшелігі байланыстырып тұрады. Алғашқы екі бөлімі өткен өмірді бейнелеп, адамның басынан өткен не бір жайларды баяндайды. Бірінші бөлім философиялық кейіпті көрсетеді. Екінші бөлімінде лирикалық үн басым келеді, ал үшінші және төртінші бөлімдері қазіргі болмысты салтанатты, көңілді күйде баяндайды. Үшінші бөлім симфония циклдарының скерцо бөлімін есімізге салады және айтысты даму ерекшелігін көрсетеді. Төртінші бөлім қорытындылай келіп, салтанатты ұранға айналады.
Б.Байқадамов күйді негізге ала отырып, хор шығармаларын жазған алғашқы композиторлардың бірі. Ол Құрманғазының күйлерін көп дауысты хорға өңдеп, хор күйлерінің циклын шығарды. «Ақбай» күйінің өңдеуі аса тамаша шықты. Композитор әсерлі көркемдік тәсілдер арқылы күйдің негізгі идеясын ашады. Берілген шығарма хор фактурасы арқылы монументті көрнекті шығармаға айналды. Ең төменгі бас дауысының үні ерекше естіледі. Күйдің регистр қарама-қарсылығы хор үнінде көп тақырыптық көрсетіп, күй мазмұнының күрделілігін байқатады. Құрманғазының күйлерінде жаңа психологиялық баяндау арқылы жаңа үн пайда болады.



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0025 |