Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Мыңжасар АЙСАУЫТОВ

Мыңжасар АЙСАУЫТОВ, «Қазақстан Республикасының Минералды шикiзаттарды кешендi өңдеу Ұлттық орталығы»
Сирек металдарға - сергек көзқарас
Шикiзаттан түскен әрбiр теңге экономиканың салааралық құрамын өзгертуге, әсiресе, өндеушi салаларды күшейтуге жұмсалуы керек. Орны бөлек шикiзат көздерiн экономикасы дамыған елдерде стратегиялық материалдар деп атайды. Стратегиялық шикiзат түрлерi елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өндiрушi өндiрiс салаларының негiзiн қалайды.
Құрамында радиоактивтi емес руда өте аз мөлшерде кездесетiн металдар сирек әрi құнды саналады. Олардың өзiндiк кен орны жоқ, көбiне қара және түстi металдар рудасы құрамында болады. Германий, тантал, галий, рений, цирконий, селен, талий т.б. сирек металдар әлемде өте қымбат бағаланады, олардан алынатын материалдар мен бұйымдар құны басқа металдарға қарағанда еселенiп өседi. Мысалы, аммоний перренаты түрiндегi 1 келi рений металының құны 800 АҚШ доллары тұрса, ал сол мөлшердегi металды электроникада қолдану тиiмдiлiгi 5 есеге артады, бензин өндiрiсiнде катализатор жасау 60 есе, ароматты көмiрсутектерiн алуда 180 есеге дейiн пайданы өсiредi.
Сирек металдың тағы бiр ерекшелiгi, оның өндiрiсiн салу көп қаржыны талап етпейдi, экологиялық таза, ғылымды көп қажет ететiн өнiмдер бередi. Бұл металдар атом, ғарыш, авиация, электроника және термоэнергетика, машина жасау салаларында қолданылады. Көптеген сирек металдар болат, алюминий т.б. балқымаларда қоспа ретiнде пайдаланылады. Сирек металдарды кеңiнен пайдалану басқа табиғи қорларды үнемдеуге көп әсерiн тигiзедi, материалдың сапасын жақсартады, энерготехникалық және ресурстық шығындарды азайтады.
Осыдан 50 жыл бұрын академик Қ. Сәтпаев ванадийдi тиiмдi пайдаланып, елiмiзде осы саланы өркендету туралы мәселе көтерген болатын. Өкiнiшке орай бұл мәселеге Орталық құлақ аспай, аяқсыз қалды. Сирек металдың аз ғана қоспасы металл жаймаларын бiрнеше есеге жеңiлдетiп, сапасын жақсартады, бұл болса үлкен көлемдегi энергоресурстарды үнемдеуге жағдай жасайды. Соңғы жиырма жылда Үлкен жетiлiк елдерiнде отын, темiр, тағы басқа индустрияға қажеттi материалды пайдалану 20-50% азайып, сирек кездесетiн металдарды пайдалану бiрнеше есе өстi. Бұлар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Сирек металдарды қосу металл балқымалар мен қоспаларының қасиеттерiн өзгертедi.
Қазiргi кезде елiмiзде iске асырылатын индустриялық-инновациялық стратегияны орындауда сирек кездесетiн металдардың орны ерекше. Себебi, Қазақстанда басқа елдерде өндiрiстiк мөлшерде кездеспейтiн сирек металдар бар. Олар қазiргi кезде металдар нарығында елiмiздiң табиғи бәсекелестiк басымдылығы болмақ. Ресей мамандарының айтуынша, Кеңестер Одағы тараған соң Ресей бiрнеше стратегиялық маңызы зор материалдардан айырылып қалған, оның iшiнде Қазақстанның шикiзат көздерi де аталады.
Осы қиыншылықтар Ресейдi басқа шикiзат көздерiн iздеуге итермеледi, тiптi Куриль аралындағы вулканнан шығатын газдан рений алу жоспарлары жасалынған. Кейбiр мәлiметтер бойынша, бұрынғы Кеңестер Одағы 1990 жылы әлемге тантал, германий, берилий, және басқа стратегиялық металдардың 50 пайызын берсе, бұл көрсеткiш 1996 жылы Ресейде едәуiр төмендеген. Осы жағдай Ресейдi 1996 жылы стратегиялық пайдалы қазбалар тiзiмiн қабылдауға, 1998 жылы Табиғи қорлар министрлiгiнде Ресейдiң стратегиялық сирек металдар федералдық, өндiрiсаралық бағдарламасын жасауға мәжбүр еттi.
Ал Қазақстандағы жағдай бұрынғы қалпында қалып отыр. Бiздiң Ұлттық орталықта сирек металдар нарығының болашағы туралы зерттеулер жүргiзiлдi. Талдаулар сирек металдар өндiрiсi мен олардың қорларының тез өсiп жатқанын көрсетедi. Тек соңғы 10-15 жылда ғана бұл металдардың әлемде үлкен кен орындары ашылып, негiзгi қоры бiрнеше есе өскен. Тiптi кейбiр металдардың 100 жылдық қорлары табылған. Бiрақ осыған қарамастан, көптеген сирек металдардың құны бiрнеше өсiп, металдар нарығында ауық-ауық тапшылығы сезiлiп қалуда.
Өткен онжылдықта германий, индий, галий, ванадий сияқты металдардың құны он есеге дейiн өстi. Мысалы, германий металының 1 келiсiнiң құны 350-ден 2000 АҚШ долларына дейiн өстi. Қазiрге дейiн Америка, Жапония секiлдi елдерде сирек металды сатып алу бiрнеше есе жоғарыласа, Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi де соңғы онжылдықта пайдалануды бiрнеше есе өсiрген.
Қазақстанда рений, ниобий, берилий, тантал, галий металдарының мол қорларының үлесi туралы да айтқанымыз жөн. Өкiнiшке орай, соңғы 15 жылда бұл сала экономиканың жеке бөлiгi ретiнде қаралған жоқ. Қазiргi кезде елiмiзде машина жасау сияқты өндiрiстiң қажеттiлiгi төмен болуына байланысты бұл металдарға сұраныс аз. Бiрақ индустриялы-инновациялық стратегияға сәйкес жаңа салалар пайда болғанда бұл металдардың құны, сөз жоқ, шарықтайды.
Металдар нарығының тарлығын ескерсек, өзiмiзде бар нәрсеге кiрiптар болып, басқа жұрттың қабағына қарап қалуымыз да әбден мүмкiн. Себебi, бұл металдарды өндiрушiлер аз, шикiзат көздерi көп елдерде жоқ. Кейбiреулер ойлағандай сырттан сатып алу саясаты болашақ өндiрiс ошақтарын толық қамтамасыз ете алмайды.
Бүгiнде салалық өндiрiс ошақтарының шоғырландырылып, заңды тұлғаларға берiлуiне байланысты тау-кен өнеркәсiбiне 5-6 топ қожалық етедi. Мысалы, мырыш өндiрiсiнде бiр компания, темiр қоспаларын өндiруде еуразиялық бiр компания пайда болған. Олардың кәсiпорындағы өндiрiс құлдырауын тежеп, бұрынғы көлемнен де артық шикiзат беруiн оң бағалап жатырмыз. Бiрақ шикiзатты кешендi өңдеу көрсеткiштерi төмен қалып отыр.
Бұл құбылыс, әсiресе, сирек және бағалы металдар өндiру саласына керi әсер етедi. Кейбiр кәсiпорындарда тиiмдiлiгi жоғары бiр-екi металды алу үшiн, шикiзаттың қалған бағалы бөлiгi өндiрiстiк қалдыққа жiберiледi. Елiмiздегi минералды шикiзатты қазу, өңдеу туралы заңдарда бұл байлықтарды сақтап қалу, ел мүддесiне сай пайдалану толық ескерiлмеген. Минералды шикiзатты кешендi өңдеудiң экономикалық тетiгi қарастырылмаған.
Жоспарлы экономика кезiнде стратегиялық материалдармен арнайы мекеме айналысып, мемлекеттiк қорлар жасалынатын. Ұлы Отан соғысынан кейiнгi Кеңестер Одағында сирек металдар өңдеудегi жетiстiктер осы табанды жұмыстардың нәтижесi едi. Сирек металл өндiрiсi - жаңа технологияның шикiзат қоры, онсыз жаңа өндiрiс буындары өркендемейдi. Бiздiң өндiрiстi дамыту жоспарымызда бұл сала басым бағыт есебiнде қаралуы керек. Әсiресе, бұрын Қазақстан өндiрiсiнде шығарылған, соңғы 10-15 жылда нарықта өз секторын жоғалтқан металдарға назар аударған жөн.
Үкiмет Қазақстанның әлемдiк металл нарығында табиғи басымдылығы басым стратегиялық материалдардың тiзбесiн жасап, оларды пайдалану ерекшелiктерiн заңдастыруы тиiс. Бұл жұмыс 1996 жылы 27 қаңтарда қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетiлген. Осы заңның 1-бабында стратегиялық және тапшы пайдалы қазбалар деген термин түсiндiрiлiп көрсетiлмегендiктен, осы ұғымдарды бөлек айқындайтын заңнамалық қосымша әзiрленуге тиiс.
Әр мемлекеттiң стратегиялық заттары әр түрлi, негiзiнен сол елдiң ұстанған саясатымен тығыз байланысты болса керек. Мысалы, Германия хром, ванадий, кобальтты сақтаса, Ұлыбритания хром мен марганецтi жинаған. АҚШ бүгiнде сирек кездесетiн 9 металды заңдастырса, Францияда стратегиялық металдар саны 13-ке жеткен. Ал ресейлiктер стратегиялық материалдарды өндiрiстiң жетекшi саласын құрайтын, елдiң экономикалық және қорғаныс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шикiзаттар деп айқындайды.
Стратегиялық пайдалы қазбаларды, материалдарды анықтағанда әлемдiк тәжiрибеге ғана сүйенiп қоймай, басты көрсеткiш ретiнде өз экономикамызда технологиялық үздiк басымдықтар беретiндiгi ескерiлiп, дүние жүзiнде сирек кездесетiн рений, галий, ванадий, осмий секiлдi металдарға тоқталған жөн.
Басты мәселе – стратегиялық сирек металдар өндiрiсiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жасау. Бұл сала қазiргi кезде металлургия кластерiн дамытудың басты бөлiктерiнiң бiрi ретiнде бағаланып, мемлекеттiк қолдауға ие болуы керек.
Сирек металдар басқа индустриялық металдар өңдейтiн кәсiпорындар рудасының құрамында болғандықтан, олардың жұмысына ерiксiз араласуға мәжбүрмiз. Кейбiр металдарды ысырапсыз өңдеу үшiн экономикалық реттеу тетiктерiн пайдалануға тура келедi. Пайдалы қазбаларды кешендi пайдалану ережесiн қатайту мәселесi де қаралуға тиiс



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0022 |