Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

«Князь Игорь»

«Князь Игорь»
Композитордың ХХ ғасыр бойындағы ең әйгілі шығармасы болып «Князь Игорь» операсы болғаны сөзсіз. Операның негізіне ХІІ ғасырдағы орыс әдебиетінің ғажап ескерткіші «Слово о полку Игореве» алынды. Шығарманың әндеткен эпосы Бородиннің шығармашылық даралығына аса сәйкес келеді.
Жұмысқа кіріскенде Бородин сюжетке ғалымның ұқыптылығымен қарады. Ол тарихи шежірелерді, зерттеу еңбектерін қарастырады және Путивль төңірегіне барып келеді. «Слово о полку Игореве» шығармасының бар аудармаларымен танысады – Мусин – Пушкин, Палицин, Мейдің, Майков, т. б..
Операда туған суреттер эпикалық сөзге сай, дәстүрлі болып келеді: соғысқа жиналу, күннің тұтылуы, ұятты тұтқын, Игорьдің бақытты босатылуы. Бірақ Бородин ежелгі оқиғаларды контрастты драматикалық, лирикалық, күлдіргі образдарын салыстырып, адам сезімдерінің барлық түрлерімен алмастырады. Бородин Игорьға абыройлы, жағымды сипат береді. Операдағы Игорь тек туған жерін босатумен ғана айналысады. Операға «Слово о полку Игореве» шығармасында жоқ халық сахналарын енгізеді. Бұл Бородиннің Балакиревтің оқушысы болғанынан және эстетикалық көзқарастарының ерекше болғандығынан.
«Князь Игорь» операсындағы шығыс бейнелері аса көз тартарлық, контрастты және өте адамшыл болып келеді. Бородин Глинка сияқты өзге халықтардың мәдениетіне өте ұқыпты, мұқият болатын. Бородин операсындағы шығыс әндері мен билерді халық музыкасына жақын етіп шығарғаны туралы музыказерттеушілері мен шығыстанушылар жазды. Операда Шығыс әртүрлі мінезді болып берілген – қыздар әндері әуезді, ал ерлер биі жандандырады, Кончак ханының бейнесі ұлы, ал жас Кончаковна нәзік болып сипатталады.
Жалпы «Князь Игорьде» эпикалық опреаның және тарихи халық – музыкалық драманың қасиеттері бірікті.
Бородиннің Глинкка тәрізді операны үлкен хор сахнасымен бастайды. Оның негізгі кейіпкері - халық , мұнда батырлық бейне, отанға деген сенімі суреттеледі. Оның формасы – үш бөлімді. Бірінші бөлімге Слава» хоры кіреді, ал үшінші бөлім біріншінің қысқартылған қайталануы болып табылады. Екінші бөлім аралық сахналардан (Игорьдің халыққа үндеуі, күннің тұтылуы, жауынгерлердің жұбайлармен қоштасуы) құралады.
Оркестрлік кіріспенің негізгі ерекшеліктері бірінші фразамен айқындалады, оның баяу, тербелген қозғалысы алыстан естілетін салтанатты үндерді еске салады.
«Слава» хоры табандылық пен құдіреттікке толы, ол халықтың қуатты күшін бейнелейді. Негізгі тақырып орыс әндеріне лайықты трихордтық әндетулердің (секунда мен терцияның жүйесі) негізінде құрылды. Кіріспедегідей плгальді айналымдар және салтанатты сипат беретін аккордтық параллельді жүрістер енген.
Екінші («Туру ли ярому») және үшінші («С Дона великого») тақырыптар кең толқу мен сабырлығымен ерекшеленеді, ал үшінші тақырып тіпті одан да жұмсақ естіледі (dolce және piano). Хордың интонациялық бірлігі сақталады: екінші тақырып біріншінің соңғы такттарынан туындайды («У нас на Руси»), ал үшінші тақырып кіріспе мен бірінші тақырыпқа ұқсас.
Келесі сахна – Игорьдің әскеріне үндеуі және халықтың жауаптары - «Слава» хорының жалғасы мен дамуы. Хордың дауысымен қатар Игорьдің речитативті интонацилары естіледі (баритон немесе бас). Операның негізгі кейіпкері бірінші рет сахнаға шығады. Игорьдің фразалары «Славаның» әуендік айналымдарына жақын. Бұл интонациялық туыстық Игорьдің халыққа жақындығын белгілейді. Бірақ әлі бұл кейікердің мінезі толық музыкалық тақырып арқылы ашылмаған.
Күннің тұтылуы сахнаның драматургиялық маңызы зор. Адам күшіне бағынбайтын белгісіз табиғат құбылысын және осымен байланысты туған жалпыға ортақ үрейленуді Бородин шебер музыкалық бейнелеу әдістерін қолданып суреттейді. Халық хорлары музыкасының айқын диатоникасы және саз анықтығы хроматизмдер, әдеттен тыс гармониялық жүйелер, толықтонды гамманың сатыларындағы аккордтарға ауысады. Осылай Бородин Глинканың «Руслан и Людмила» операсында тапқан зұлымды таңғажайып суреттеу принциптерін ұстанды.
Өткен монументалды эпикалық сахналарға күлдіргі эпизод – Скула (бас) мен Ерошканың (тенор) речитативті диалогы қарама-қарсы қойылады. Бородин Скуланы хроматикалық сырғу интонациялармен суреттесе, Ерошканы аянышты күрсіну интонациялары арқылы бейнелеген.
Ярославнаның бейнесі шапқыншыллық дайындалып жатқан князьдар мен боярлардың жұбайларымен қоштасу сахнасында бірінші рет ашылады. Мұнда оның саабырлығы, үлкен ар-намыс сезімі, күйеуі үшін абыржуы көрсетілген. Князь оны жұбатады да үміттендіруге тырысады. Игорьдің интонацияларының жылуы кем, бірақ Ярославнаға қарағанда қаталырақ, жинақы болып келеді.
Финалдың хорында кіріспе мен «Слава» хорының музыкасы қайта орындалады. Әрине, өзгерістер пайда болады, өткен интонациялық даму қорытындыланып, жалпылана түседі. Осында прологтың оптимистік үндері шарықтау шкгіне жетеді.
Бірінші көрініс. Бірінші сурет.
Мұнда Владимир Галдицкийдің князьдік сарайындағы мас той-томалақ көрсетіледі. Игорьдің бастауындағы орыс жерін қорғаушылар мен Галицкий және оның қоластындағылары бір-біріне қарама-қарсы қойылады.
Мадақтау әні «Славадан»



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0030 |