Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

«Карнавал»

«Карнавал»
«Карнавал» – бұл Шуманның идеялық эстетикалық-концепциясының жарық көрінісі. Оның мақсаты – өнер мен өмірдегі мещандық және бір қалыптылықпен күрес. «Карнавалдың» музыкалық түпкі ойы Шуманның әдеби очерктерінің біреуіне ұқсас келеді. Музыкалық «Карнавал» – мерекелік көрініс,бұнда күштерін жинаған давидсбюндлерлер бірігіп, филистерлерге қарсы шығады.
Осындай шуылдаған жағдайда билік музыканың аккомпанементіне маскарадтық маскалар шығады. Бұл жерде әдеттегі Пьерро мен Арлекин, Панталоне мен Коломбина; фантастикалық маскалар «Танцующие буквы», өзіндік «Кокетка» мен «Бабочки». Қалың топтың арасында давидсбюндлерлер көрінеді: әрдайым бірге жүретін Флорестан мен Эвзебий, Шопен, Паганини. Клара мен Эрнестина Киарина мен Эстрелла түрлерінде келеді. «Приятные встречи», «Нежные признания», көңілді серуендер және билермен салынған суреттің мәнерлілігін толықтырады. «Карнавалдың» соңында давидсбюндлерлер филистерлерді құлатады.
«Карнавал» түпкі ойының публицисттикалық бағыттылығы музыка өнерінде бұрын- соңды болып көрмеген; ал өзіндік, тапқыр көркем- жетілген формасы аспаптық музыканың тек «АЛЛА, мәгілік пен көктегі әлемдер туралы көтеріңкі сезім мен ойларды» білдіріп қана қоймай, музыкалық өнердің басқа түрілері сияқты, әртүрлі, сонымен қатар оған маңызды тақырыптар да қол жетерлік екенін дәлелдеді. Шуман «Карнавалды» тағы да «4 нотадағы кішкентай көріністер» деп атады. Әртүрлі жүйе мен қисындасуда алынған ASCH дыбыстары әр бір пьесаның негізінде жатқан теманың түстеуі болып келеді.
Мистификация мен құпиялылыққа әуес Шуман мотивті ортағасырлық төртбұрышты нотамен шифрлап, үш «Сфинкста» жасырады. Бұл мотив тема қызметін атқарады, ал «Карнавалдың» нөмірлері вариация рөлін атқарады. Сонымен қатар өздігінше көрсетілген және аяқталған ой ретінде еш жерде баяндалмаған, сол себепті негізгі музыкалық бейне және мұнан арғы даму көзі жоқ. Тақырыптық ядро жеке нөмірлердің жарық өздік материалда «еріп» кетеді; осыған орай бұл мотив «Карнавалды» интонациялық байланыстырса да, тема ретінде қабылданбайды.
Композициялық жағынан «Карнавал» – композиторлық шеберліктің біртумасы. Бір бүтіннің үйлесімділігі мен үндестігі барлық бөлшектердің мінсіз өңдеуімен, жарқын өткірлік және тапқыштықпен үйлеседі.
«Карнавалдың» тұтастылығына «Вступление» мен финалдың – «Марш давидсбюндлеров» – тақырыптық материалдың ортақтығы мүмкіндік туғызады. Ортақ тақырыптық материалда құрылып, шығармаға симметриялы толықтылық береді.
Импровициялылық болып көрінетін құбылмалы музыкалық бейнелер ауысуының астарында лад-тональдық логика және пьесалардың қарама- қарсы ауысуы жасырын тұр. Әр бір көріністе не көрсетіліп тұрса да, барлық миниатюралар бір-біріне қарама- қарсы.
«Карнавал» шығарманың жалпы бейнесін көрсететін кіріспе немесе прологпен басталады.
«Вступлениенің» басы шақырған фанфармен басталады.
Одан кейін шапшаң, үдей түсуші жүрісте бірінің артынан бірі ритмикасы өзгеріп отыратын, әртүрлі динамикалық өзгешелікке , біресе қарама- қарсы, біресе дыбыстаудың біртіндеп төмендеуі мен үдей түсуге толы кішігірім эпизодтар жүреді.
Арылмас қозғалыс соңғы Presto құрылымына жетіп, ең жоғарғы нүктесінде үзіліп қалады. Үш аккорд бірінші көрініс аяқталғанын білдіреді.
Карнавалдық масалардың және тірі адамдардың портреттерін бейнелегенде оларға тән қасиеттерді көрсеткен. «Карнавалда» музыкалық мінездеме суреттің графикалық анықтығына жетіп, көргеннен алған әсер тәрізденеді.
Арлекин мен Пьерроны суреттегенде Шуман сырттай қарапайым амалдармен қолданады. Екі- үш әдіс арқылы ол Пьерроның сыр-келбетін, дөрекі жүрісін көрсетеді.
Пьерро бір жағынан философ; адамдардың көңіл- күйлерін көтеруге міндетті, бірақ оның рөлі тынышын алады, және оның сөзінде әрқашан қайғылы ноталар бар. Сол себепті Шуман суретті гармониялық және ритмикалық ерекшеліктермен толықтырып, мұңды және ойшыл реңк енгізеді.
Арлекин – Пьерроға мүлдем ұқсамайды. Иілгіш, серіппелі, түгелімен қозғалыста, ол қоршаған адамдарға тәуекелді секірістермен әсер етеді.
Кең интервалдарға секірістер, әуелеп ұшып шықаннан кейін такттың күшсіз үлесін акценттеу секіру мен төмендеу иллюзиясын жасайды.
«Благородный вальс» карнавалдық маскалар және Флорестан мен Эвзебий давидсбюндлерлердің мінездемелерін қосушы бөлім болып табылады.
Вальс қарама-қарсылық енгізеді, соған байланысты Эвзебий мен Флорестан мінездемелерінің психологиялылығы көрнекті және айқын көрсетілген. Әр бір давидсбюндлерді өзгеше мізнезбен және темпераментпен бөлейді.
Композитордың айтуы бойынша Флорестан мен Эвзебий өзінің қарама- қайшы және екі жақты мінезін көрсетеді. Осылайша, «Карнавалда» Эвзебий мен Флорестан бірігіп автопортрет құрайды.
«Эвзебийде» шебер көркем әдістердің жиынтығы поэтикалық бейнеге оралған Эвзебийдің лирикалық кейпін жасайды.
Эвзебийдің армандары мен шоғырланған ойларын жүгенсіз, жалынды Флорестан бұзады. Оның көңіл- күйлері құбылмалы, және олар тез және кенет ауысады. Флорестанның музыкалық мінездемесі динамиканың және музыкалық материалдың үздіксіз ауысуында құралған.
Бейненің психологиялық толық ашылуына ладогармониялық және ритмикалық амалдар мүмкіндік туғызады. Гармониялық және тональдық бұл эпизод тұрақсыз. Кішірейтілген аккорд бүкіл репризадан өтіп, сол аккордта «Флорестанның» музыкасы үзіледі.
Ритмикасы да өзгеше. Ритмикасы өзгермейтін дерлік бір такт жоқ.
«Кокеткада» ерке ритм мен қозғалыстың наздылығы билік, вальстік негізбен, әрбір құрылымның жұмырлығымен жанасады.
«Бабочки» пьесасының өзгешелігі кем емес. Бұнда ортаңғы және төменгі регистрдағы тығыз фактура шапшаң темпте билік қозғалыстың жеңілдігі мен әсемдігін жоғалтпайды.
«Танцующие буквы» пьесасында кәдімгі вальсты Presto темпінде қолданады. Өткір форшлагтар, кенет sforzando оған фантастикалық дыбыстау береді.
Келесі пьесаларда – давидсбюдлерлердің жаңа портреттері. Ұстамды- әуесқой Киарина мен темпераментті көз тартарлық Эстрелла Шопеннің қиялшыл кейпін қарайтады.
«Карнавалда» Шопен поэтикалық ноктюрндардың авторы және лирик ретінде көрсетіледі. Сенімдікті арттыру үшін Шуман шопеннің музыкалық арсеналынан мінезді әдістер қатарын қолданады.
Шын және Шуманның өзіне жақын адамдардың портреттеріне тірі сезімнің жылылығы мен ынталығын енгізеді. Бұндай эпизодтардың лиризмі фантастикалық маскалар мен көңілді жанрлық көріністердің қарама- қарсылығынан жарығырақ көрінеді.
«Карнавалда» давидсбюндлерлерден соңғы болып Паганини көрсетілген. «Паганини» – «Немецкий вальстің» ортаңғы бөлімі.
Виртуоз тәсілдерге еліктеу үшін Шуман музыкалық суреттің негізіне қиын секірістер салады; сондықтан екі қол әртүрлі партия орындайтын сияқты; әр біреуінде – қозғалыстың бағыты, динамика,штрихтар әртүрлі. Бұның барлығы «жабайы» дыбыстауға айналып, күрілдек аккордтармен үзіледі. Содан кейін бұл шебер хаос жоғалып, алыстан жай аккорд естіледі, ол тыңдаушыны үйреншікті тұрмыстық неміс вальсіна қайтарады.
«Признание» мен «Прогулка» – бұл лирикалық сезімге толы және ең кішкентай эпизод пен әсем, едәуір жайылған жанрлық көріністі салыстыру.
Финалдың алдындағы «Паузада» барлық давидсбюндлерлер филистимляндарға қарсы жиналады. «Вступлениенің» музыкалық материалында құралған «Пауза» карнавалдық эпизодтарды тұйықтайды.
Финалда – «Маш давидсбюндлеров против филистимлян» – «Карнавалдың» сюжеттік аяқталуы болады. Жарқындығынан, өткірлігінен, сыпайы сатиралығы жағынан бұл шуман шығармашылығының жарық беттерінің бірі. Финалда давидсбюндлерлер салтанатты марштың дыбыстарына мерекелеп жатқанда, филистерді мінездеуге Шуман неміс мещандығының орамсыздығы мен кертартпалығын бейнелейтін мелодия таңдайды.
Финал шапшаң темпте аяқталады.
Түпкі ойдың батылдлығы жағынан «Карнавал» – соны музыкалық шығарма.



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0020 |