Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Гайдн симфониялық шығармашылығы.

Гайдн симфониялық шығармашылығы.

Гайдн өз симфонияларын 50-ші жылдардан бастап 90-шы жылдардың орьасына дейін шығарды. Оның алғашқы симфониялары еуропалық симфонизмінің қалыптасу дәуіріне жатады, - және веналық мектептің стилистикалық негіздерінің анықталу процессіндегі елеулі кезең болып табылады. Ал Гайднның ақырғы симфониялары кемелді классикалық симфонизмды көрсетеді.
Егер Гайднның алғашқы симфониялары бөлімдері тек сырттай қайшы сюиталармен сабақтас болса, жетілген, дамыған симфонияларында төрт бөлім мінезі жағынан әртүрлі болып бір ортақ бейнелік шеңбердің дамуын білдіреді.
Бұлар 1786 жылғы «Париждік» симфонияларда және оның алдындағыларда көріне бастаған. Бірақ тақыраптық жағынан сараланып, толыққанды бейне жасау дарыны 12 «Лондондық» симфонияда айқын ашылды.
Лондондық симфониялардың барлығы (жалғыз до-минорлықтан басқасы) мажорлы сазда жазылғандығы көрнекті. Оларда оптимизмдік, дүниеге жарқын қарау қасиеті ашылды.
Сонаталық Allegro баяу кіріспеден басталады (Largo немесе Adagio). Ол келесі Allegro-мен қайшы, сонымен қатар оны дайындап тұрғандай. Allegro бірінші бөлім, ондағы негізгі партия мен қосалқы партияның арасында бейнелік контраст жоқ. Әдетте олар ән-билік мінезде жазылған. Тек тональдық тұрғыдан әртүрлі болып келеді: негізгі партия-бастапқы сазда жазылады, ал қосалқы партия доминанталық сазда. Өңдеу бөлімдері мотивтік бөлшектеулер жолымен құрылған. Толассыз модуляциялар өңдеуге динамикалық және талапты сипат береді.
Баяу бөлімдері (екінші) сан алуан бейнелік сипатты: ойлы-лирикалық, әндік, марш тәрізді де бола алады. Күрделі үшбөлімдік және вариациялық форма жиі кездеседі.
Үшінші (менуэт) бөлімі Гайднд ауылдық билерді өздерінің ауыр қадамдарымен, кең сілтеуті әуенімен, кенет акценттермен еске салады. Үш үлестік өлшем сақталса да аристократтық сипатынан айырылып, менуэт – демократиялық, крестьянды би болды.
Финалдарда да Гайдн халық-би музыкасымен сабақтас жанрлық бейнелерді қолданды. Жанрлық-билік мінезді симфонияны көңілді, жылдам, жігерлі финалмен аяқтайды. Формасы сонаталық Allegro, немесе ронд-соната болып келеді.
Гайднның оркестрі кәдімгі жұп құрамды: екі флейта, екі фагот, екі валторна, екі труба, екі литавра, ішекті квинтет. Ағаш үрлемелі аспаптардан кларнет кей симфонияларда қолданылмайды. Бірінші скрипкалар алыңғы рөлдерді алады, оларнегізгі тақырыптық материалды орындайды. Виолончельдер ме котрабатар бір партяны бірге орындайды. Сондықтан партитурада олар бір жолда жазылады. Валторналар мен трубалар тек кей жерлерде гармония мен ырғақты айқындаушы ретінде қолданылған. Ал бүкіл окестр қосылғанда (тутти) трба және валторна басқа аспаптармен тең қолданылады, бұл фанфарлы тақырыптарға жатады (№ 97 симфонияның негізгі партиясы).



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0028 |