Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақ халқының қол өнері.

Қазақ халқының қол өнері.
• Қазақ киімдерінің түрлері- 210
• Зергерлік бұйымдары- 93
• Металдан жасалған бұйымдары мен құралдары- 31
• Ағаштан жасалған бұйымдары мен құралдары-39
• Кигізден жасалған мүліктер-84
• Шаруашылық және тұрмыс құралдары- 67
• Көлік тұрмандары- 64

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы – киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш.
Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай – ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған.1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан.
Халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға- суретші, шеберлер. Қазақ халқының ертедегі шеберлері кімдер?
Бұл жан- жақты зерттеуді қажет ететін тарихымыз. Кезінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстан есімі кеңінен таныс болған шеберлеріміз туралы айтқанда аузымызға ең бірінші Мұрын жыраудың есімі түседі. Шын аты Тілеген Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлап, етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең, бай іс- тәжірбиесін үйреніп жазып алып қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда Жүсіп, Мақамбет, Күмбетбай, Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Аяған деген атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің өндірістік көркемөнер көрмесінің төтенше коммиссиясы қазақ шеберлерінің ыдыстарын «жұмысының мінсіздігімен, өрнектердің әсемдігімен ерекше көзге түседі»- деп атап өткен екен. Мінеки, қазақтың қолөнер шеберлеріне Ресей сияқты мемлекеттің берген үлкен бағаларының бірі осындай.
Қазақтың ағаш ыдыстарының өзіндік ерекшеліктері оның көлемдігі. Мысалы, бұрын қазақ ауылдарында бір қойдың еті тұтас сиып кететін керсен тәрізді ыдыстар болды. Қазір де оның кейбір түрлері ел ішінде сақтаулы.1871 жылы Семейдегі көрме ұйымдастыру комитеті өзінің хаттама құжаттарында қазақтың ешбір токорлық станоксыз қашау мен пышақ арқылы тұтас қайыңнан ыдыстарын өте шебер жасайтынын жазып қалдырыпты. Жалпы, қазақ халқында қолөнер шеберлері жасаған ыдыстарының өздері 65 түрлі . Ал музыкалық аспаптары 18.
Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді.
XX ғасырдың басында ғана қазақтар төсағаштың үш түрін пайдаланған. Ал енді Ибн Батутаның жазбаларына назар аударсақ, өз заманында Дешті Қыпшақтар күймелі арбамен көшіпті.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілемнің тұңғыш рет 1959 жылы Ашхабатта тоқылғаны мәләм. Оның көлемі 192 шаршы метр болса, 1965 жылы Түркімен шеберлері оны екі есеге дейін ұлғайтты. Қазақтың қолөнер шеберлері де кілем тоқ удан алдына жан салмаған. Қарт ана Барлыбаева Рымжанның тоқыған кілемі 1926 Париж қарласында болған көрмеге қатысып, бәйге алды.Осыншама атақты шеберлеріміз бола тұра қазір халық арасында қолөнеріміздің дамымай ұмыт қалып бара жатқаны қалай? Бізді ойландыратын осы сұрақ.

Қазақ халқының қол өнері. - Скачать !!!

Зарабатывайте вместе с нами!!!

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2014 | Time 0.0054 |