|
Sachok.KZ
| ||||||||||
|
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫСәбитұлы Асанқайғы (ХІV-XV ғғ.) Еділ бойында дүниеге келген. Халидұлы Құрбанғали өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхаммед болса, Асанқайғы сол Ұлығ Мұхаммед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. XV ғасырдың 20 жылдарында Ұлығ Мұхаммед сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асанқайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған. Алайда, бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілқайыр ұлысындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асанқайғы болады. Асанқайғының жыр толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдіргені айқын аңғарылады. Асанқайғының «Жерұйық» іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.
|
|||||||||
|
- студия Riskk
Sachok.kz © 2012 | Time 0.0055 |
|
||||||||||