Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

1. Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.
Ондағы мақсат: отбасы, оның мүшелерінің өзара қарым - қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата – ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға белгілі бір мінез- құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата – аналар ұйымын құру.
Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата – аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау,оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру. т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесімен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Ол үшін ата – аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, пелагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, семинарларда, ата – аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері:
1. Сыныптағы оқушылардың талап - тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан – жақты зеріттеп білу.;
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру;
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата – аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым – қатынасын қамтамасыз ету.;
5. Оқушылардың ата – аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу;
6. Оқущыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
7. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету;
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету;
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім – тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласыретінде қарастыру т.б.

Скачать

Зарабатывайте вместе с нами!!!

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2014 | Time 0.0062 |